КӘСІПТІК БАҒДАР ЖҰМЫСЫ
2025 жылдың 21 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде 9-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беруді, мақсатында қала колледждері мамандарымен кездесу болып өтті. Колледж өкілдерінен ақпарат ала отырып, тәжірибе алмасу, байланыс орнату, оқушылар үшін болашақ мүмкіндіктерді зерттеу, студенттік талаптарды түсіну, сұрақтарға жауап алуға бағытталған кездесуде әр оқушы колледжде берілетін мамандықтар туралы толық ақпарат ала алды. Бұл кездесулер мектеп пен колледждер арасындағы байланыстарды нығайтуға, әр тарап үшін тиімді жағдай жасауға мүмкіндік береді.