ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ, ҚАУІПСІЗ ӨМІР КЕПІЛІ
2022 жылдың 18 қазан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің 8-11 сынып оқушылары Астана қаласы Ішкі Істер Министрлігі полиция департаментінің Жедел басқару орталығында экскурсия ұйымдастырылды. Қоғамдық қауіпсіздік қалай қамтамасыз етілетінің өз көздерімен көрген оқушылар ерекше әсер алды. Қоғамдық орындарда болатын құқықбұзушылық, түңгі уақыттағы құқықбұзушылық, жаяу жүргінші қауіпсіздігі туралы бейнематериалдар көрсетілді.