Қауіпсіздік басты назарда!
Бүгін 2024 жылдың 10 қазан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде Сарыарқа ауданы жергілікті полиция қызметкерлерінің орынбасары полиция подполковнигі Бейсен Каныбек Пернеханович және жедел уәкіл полиция капитаны Танатаров Нурдаулет Дуйсахметулы, учаскелік полиция Бимжанов Даурен Талғатқлы келіп оқушылар арасындағы құқықбұзцшылық бойынша ақпарат берді. Оқушыларға түнгі мезгілде жүрмеу, жол ережелерін сақтау, әлеуметтік ойындарға тәуелді болмау,топтық жан-жал, төбелестерге қатыспау, электронды сигарет және оған ұқсас нәрселерді пайдаланбау жөнінде ақпарат беріп қауіпсіздікті әрқашан қатаң сақтауға шақырды.
