ҚАУІПСІЗДІК БАСТЫ НАЗАРДА!
Бүгін 2024 жылдың 11 қазан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінің 9-11 сынып оқушыларымен Астана қаласы Білім басқармасының балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы Гүлсім Төкенқызы және Сарыарқа ауданы прокуратурасының прокуроры Балаби Дастанұлы, Сарыарқа ауданы ішкі істер департаментінің басшысының бірінші орынбасары Бейбітжан Журсунтайұлы, Ұлттық қауіпсіздік комитет маманы Нұрахмет Шаяхметұлының қатысуымен кездесу өтті. Аталған кездесуде мектебіміздің оқушыларына қоғамдағы орын алып жатқан жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың заң жүзінде қалай жазаланатыны, құқықбұзушылық түрлері таныстырылды. Сондай-ақ оқушыларға ойланбай басқан әр қадамның артында үлкен жауапкершілік тұрғанын айтып өтті. Заң барлығына ортақ, жасөспірім болсада егер заңға қайшы келсе заң жүзінде тиісті жаза алатыны ескертіліп арнайы әзірленген (өмірден алынған) бейнеролик көрсетілді. Бейнероликте аяғын шалыс басып, жас өмірін темір құрсауда өткізіп жатқан жасөспірімдердің өкініші туралы айтылды. Жаппай төбелеске қатысу, біреуді ұру, бопсалаудың заң жүзіндегі қандай жазаға апаратынын айтып өтті. Кездесу соңында мамандар оқушыларға ата-аналарына көмекші болуға, бос уақыттарын білім алуға, спортпен шұғылдануға шақырып, «Адам болу – қасиет, азамат болу – міндет, патриот болу – парыз»,-деген Бауыржан Момышұлының сөзімен қорытындылады. Азамат-бұл жүрегі таза, пейілі ақ, өзін де өзгелерді де сыйлай білетін, елін, жерін қастерлейтін, адамгершілік қасиетті бәрінен жоғары бағалайын, өзгелерге үлгі бола білген жан дүниесі өте бай адам.