Қазақ батыры Тоқтамыс: өткеннің өшпес бейнесі
2025 жылдың 10 қыркүйек күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде ел тарихындағы ерлік пен батырлықтың символына айналған Тоқтамыс батырдың алтыншы ұрпақтары Нұрымхан Әбішев пен Айжан Қабдырахманқызымен тағылымды кездесу өтті. Кездесуде туған жерін ақ найзаның ұшымен, қос білектің күшімен қорғаған даңқты батыр Тоқтамыс Лақаұлы туралы оқушыларға әңгімелеп берді. Сондай-ақ Тоқтамыс батырдың аманат етіп табыстаған туы бүгінде ұрпақтар қолында сақталып жатқанын айтып, арнайы әзірленген бейнеролик арқылы көрсетті. Кеште оқушылар батыр бабамыздың ерлік жолын тыңдап, ұрпақтарының естеліктерінен өнеге алды. Кездесу соңы мектебіміздің гимні Әлкей Марғұлан маршын орындаумен аяқталды.