"ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ХАНТӘҢІРІ" АТТЫ ӘДЕБИ – САЗДЫ КЕШ
Бүгін 15 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау мақсатында "Қазақ поэзиясының Хантәңірі" атты әдеби – сазды кеш болып өтті. Әдеби – сазды кеш Мұқағали Мақатаев туралы бейнебаян көрсетуден басталды. Кеште Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері мен естеліктері жатқа айтылып, ақын өмірін бейнелейтін композиция көрсетіліп, жас балғын оқушылардың жүрекжарды туындылары оқылды. Кеш соңы кітапхана меңгерушісі Балғайша Кәкенқызының көрермен оқушыларға дайындаған "Тәтті сұрақтар" атты векториналық сұрақтар қою ойынымен және Мұқағали Мақатаевтың "Есіңе мені алғайсың", "Сәби болғым келеді" әндерімен аяқталды.
