Skip to content

“ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ ШЕКСІЗ ӘЛЕМДЕ” кино байқауы 2023 жылдың 26 сәуір…

"ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ ШЕКСІЗ ӘЛЕМДЕ" кино байқауы

2023 жылдың 26 сәуір күні Астана қаласы # 2 өнер мектебінің ұйымдастыруымен қосымша және жалпы білім беретін қала мектептері арасында "ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ ШЕКСІЗ ӘЛЕМДЕ" атты кино байқауының қорытынды кезеңі өткізілді. Аталған байқауға мектебімізден ұсынылған жұмыстардың нәтижесі "Музыкалық клип" бағыты бойынша Жұмаш Ақбота жүлделі ІІ орынды, жетекшісі Қ.Атчибаев, "Үздік ғылыми кино" бағыты бойынша Шаяхмет Аружан жүлделі ІІІ орынды, жетекшісі Ж.Найманбаева, сондай-ақ "Үздік фильм "бағыты бойынша Есенбек Салтанат арнайы дипломмен жетекшісі А.Аргенова марапатталды. Ғылыми кино бағыты бойынша ұсынылған Шаяхмет Аружанның бейнеролик жұмысы үздік деп танылып, республикалық кезеңге жолданды. Жеңімпаз оқушыларымыз бен, ұстаздарымызды Құттықтаймыз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *