ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ ШЕКСІЗ ӘЛЕМДЕ
Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы "Қазақстан балалары шексіз әлемде" атты қысқа метражды кино байқауы ақпан айында бастау алған болатын. Осы аталған қалалық байқауға өз жұмыстарын жолдаған мектебіміздің "Экопатруль" тобы байқаудың 3 дәрежелі дипломына ие болды. Сондай-ақ жеңімпаз оқушыларымыз байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды. Құттықтаймыз!