Skip to content

«Қазіргі жастардың бойында патриоттық сезім бар ма?» пікірсайыс ойыны Бүгін…

«Қазіргі жастардың бойында патриоттық сезім бар ма?» пікірсайыс ойыны

Бүгін 2024 жылдың 23 қазан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде Республика күні мерекесіне орай және Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған «Қазіргі жастарда патриоттық сезім бар ма?» атты пікірсайыс ойыны болып өтті. Ойынның мақсаты оқушылар бойына патриоттық сезімді ұялату, өз елінің патриоты болу деген терең ұғымды түсіндіру. Қоғамда оқушылардың туған еліне, ана тіліне, мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеуге бағытталған пікірсайыс ережесі төрт бөлімді құрады, І кезең Кіріспе бөлімі, ІІ кезең Аргументтерді ұсыну бөлімі, ІІІ кезең Қарсыластық кезеңі және ІV кезең қорытынды.
Пікірсайыс алаңына мектебіміздің 10-11 сыныптарынан құралған «Тұмар» даттаушы тобы және «Nomad» жақтаушы тобы қатысып өз пікірлерін білдірді. Екі топта белсенділік танытып өздеріне берілген уақытты ұтымды пайдалана білді. Ізденістерін дәлелдеп тақырыпқа сай мәселелерді талқыға салды. Тартысқа толы пікірсайыс ойынының қорытындысы бойынша жеңімпаз болған «Тұмар» тобы болды. Сондай-ақ қатысушы оқушылар «Үздік репутация», «Үздік оппазиция», «Үздік спикер», «Сөз шебері», «Үздік зерттеуші» номинацияларымен марапатталды. Ойын соңында көрермен оқушылар өз ойларын айтып, ойынға өз пікірлерін білдірді. Пікірсайыс соңында мектеп оқушылары тарапынан мектепішілік пікірсайысшылар клубын құру ұсынылды. Сайыс қорытындысы мектебіміздің “Бала дауысы” байқауының жеңімпазы Жансерікұлы Әлидың орындауында "Мен Қазақтың ұлымын" атты патриоттық әнімен қорытындыланды. #Republik day

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *