Skip to content

«КӨКТЕМ АРУЫ 2023» ҚЫЗ СЫНЫ БАЙҚАУЫ 2023 жылдың 06 наурыз…

«КӨКТЕМ АРУЫ 2023» ҚЫЗ СЫНЫ БАЙҚАУЫ

2023 жылдың 06 наурыз күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп –лицейінде Жас Ұлан және Мектеп парламентінің ұйымдастыруымен «Көктем аруы 2023» атты қыз сыны байқауы 90 style тақырыбында болып өтті. Сайыстың басты мақсаты: қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, көпшілік алдында өзін – өзі ұстай білуге, мейірімділікке, сұлулыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу. Байқауға 5-7 сыныптың қыз балалары қатысты.
Байқауда аруларымыз мына кезеңдер бойынша сынға түсті:
І кезең «Таныстыру» – Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт келбеті, жүріс тұрысы сынға түседі.
ІІ кезең «Өнер көрсету» – Ән айту, би билеу, әзіл – ысқақ т.б өнерлерін көрсетуге рұқсат етіледі.
ІІІ кезең «Білімдіге дүние жарық» – Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді.
Сайыстың қорытындысы бойынша жүлделі І орынды 7 «Ә», 7 «Г» сынып қыздары, ІІ орынды 5 «Ж», 7 «А» сынып қыздары, ІІІ орынды 5 «Б», 6 «Б» сынып қыздары иеленді. Сондай-ақ «Өнерлі ару», «Көрікті ару», «Іскер ару», «Шырайлы ару» номинацияларымен марапатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *