КӨКТЕМГІ СИМФОНИЯ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕШІ
2024 жылдың 04 наурыз күні Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында «Көктемгі симфония» атты қайырымдылық балы өтті. Елордалық мектепішілік және студенттік парламент көшбасшылары ұйымдастырған қалалық деңгейдегі шараға Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінен 10-сынып оқушысы Мәдет Алтынай қатысты. Айта кетейік, қайырымдылық балын ұйымдастырудағы басты мақсат – адамзатқа ортақ құндылықтарды: достық, адамгершілік, мейірімді дәріптей отырып, жастардың қайырымдылыққа жақын болуына, бір-біріне, тұтас қоғамға жанашырлық танытуға бағыттау. Таңғажайып кеште вальс биі орындалып, «Көктем вальсі» секілді әндер шырқалды.