КӨҢІЛДІ КӨКТЕМ
Бүгін 2022 жылдың 08 сәуір күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде балалар жылына орай мектепшілік «Көңілді көктем» жайдарман тапқырлар ойыны болып өтті. Балалар жылын қолдау мақсатында оқушылардың бос уақыттарын қызықты өткізу, оқушыларды ізденіске, шығармашылыққа баулу ретінде жас дарынды оқушыларды анықтау. Байқау 5-7 сыныптар арасында өтіп 3 кезеңнен тұрды: топтың сәлемдесуі, үй тапсырмасы, ұшқыр ой кезеңі. Талантты оқушылар 3 кезеңде әділ қазылар алқасы көрсеткен суретке байланысты ойыншылардың ойларының ұшқыр екенін білдіре алды. Ойында жеңіске жеткен командалар арнайы дипломдармен және номинацияларман марапатталды. Командалық есеп нәтижесінде жүлделі ІІІ орынды 5 «Ә» Әзілкештер командасы, 6 «Д» Бұзықтар командасы, жүлделі ІІ орынды 6 «Б» Made in Nur-Sultan командасы, жүлделі І орынды 7 «В» 570 (Бес жүз жетпіс) командасы иеленді. Сонымен қатар, Жайдарманның үздік ойыншысы атанған 5 «Ә» сынып оқушысы Қалабай Нұрсұлтан. 🎊🎊🎊