Skip to content

КӨРКЕМ СӨЗ ОҚУ САЙЫСЫ 2023 жылдың 15 желтоқсан күні Әлкей…

КӨРКЕМ СӨЗ ОҚУ САЙЫСЫ

2023 жылдың 15 желтоқсан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп – лицейі кітапханасында 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай 5 сынып оқушылар арасында «Тәуелсіз елдің ұрпағымыз» тақырыбында көркем сөз оқу сайысы өтті. Мақсаты: оқушының өлең оқуға қызығушылығын арттыру, тәуелсіздік туралы білімін кеңейту, отан сүйгіштікке тәрбиелеу болатын. Сайыскерлерімізді бағалау барысында өлеңді мәнерлеп жатқа оқу шеберлігі,таңдаған шығармасының тақырыпқа сәйкестігі, мазмұны мен көлемі ескерілді. Сайысқа 5 «а» сыныбынан Сейдолла Әйгерім, Нұрмағанбетова Нұрай, Неметова Сангина, Қойшыбай Әлихан. 5 «в» сыныбынан Сматулла Жандаулет, Қызырбек Гүлнұр, Шалабай Мейірхан, Жеңіс Інжу, Жұмағұлова Нұрай, Ермекбай Іңкәр. 5 «з» сыныбынан Байдоллаев Бекжан, Өмірбекқызы Інжу, Масалимова Сұлтана қатысты. Қатысушыларымыз өз елі, жері, Отаны туралы өлеңдерді оқуда өз шеберліктерін көрсете білді. Байқау жеңімпаздары 1,2,3 дәрежелі дипломдармен және «Көркем сөз шебері номинациясымен марапататталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *