КӨШБАСШЫ ЖАСТАР – ЕЛ БОЛАШАҒЫ
Бүгін, 2024 жылдың19 қазан күні, Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде оқушылардың белсенділігін арттырған іс-шара ұйымдастырылды. Бұл іс-шара мектеп парламенті оқушыларының сайлауы. 8 үміткер ұсынылған мектеп парламентінің төрағасын сайлауға орта буын мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Бұған дейін әлеуметтік желілерде жария етілгендей, кандидаттарды тіркеу, түсіндіру жұмысын жүргізу, дайындық барысы – бәрі де педагог-ұйымдастырушылардың назарынан тыс қалмады. Ең алдымен, мектеп өміріне бей-жай қарамайтын, үлгерімі жақсы, командамен жұмыс істей білетін, топты алға жетелейтін кандидаттарға екпін қойылды. Осылайша, дауыс беру нәтижесінде көпшіліктің ұйғарымымен биылғы 2024-2025 оқу жылында мектеп парламентінің төрағасы болып 9 “Ж” сынып оқушысы Асылай Абдужалил сайланды.