18-26 қараша күндері 5-8 сынып оқушыларына арналған Козлов методикасы негізіндегі тұлғалық даму тренингтері өтті.
Тренингте оқушылар өз эмоцияларын басқару, эмпатия, ішкі мотивацияны күшейту, мінездің күшті жақтарын анықтау және тиімді қарым-қатынас орнату дағдыларын тәжірибе арқылы көрсетті.
Оқушылар тренинг өздеріне жаңа ой салғанын, өз-өзіне сенімділік пен жауапкершілікті арттырғанын атап өтті. Сондай-ақ эмоцияларды басқару мен бір-бірін түсіну дағдыларының сынып ішіндегі қарым-қатынасты жақсартуға көмектесетініне сенім білдірді.





