Skip to content

«КҮЙ ОЙНАЙДЫ ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҚАНЫНДА …» Ел мерейін асқақтатқан Республика күні…

«КҮЙ ОЙНАЙДЫ ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҚАНЫНДА …»

Ел мерейін асқақтатқан Республика күні қарсаңында елордалық оқушылар да қала деңгейінде атқарылып жатқан шаралардан шет қалмады. Мәселен, Астана қаласы Сарыарқа ауданына қарасты жалпы орта білім беретін мектептердің шәкірттері мереке аясында ұлттық өнерді ұлықтауға үлес қосып, өнерін паш етті.
Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Күмбірлеген домбыра» тақырыбымен өткен шарада дарынды да талантты жас өнерпаздар бір мезетте күй атасы Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындады. Ғимарат ішін ерекше күйге бөлеген 150 орындаушының бұл бастамасы елімізге деген ұлағат, биылдан бастап қайта тойлана бастаған ұлық мерекеге деген құрмет деп білеміз.
Сан ғасырлық тарихы бар халқымыздың мәдени мұрасын ұлықтау арқылы өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа, Отанын қастерлеуге баулимыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әрдайым жастардың толыққанды білім алуына, рухани жетіліп, жаңа қоғамда бәсекеге қабілетті болуына айрықша мән беріп келеді. Сондықтан бүгінгі шарада Құрманғазының күйін нақышына келтіріп орындаған бұл шәкірттеріміз болашақта да Жаңа Қазақстанның дамуына өз үлесін қосып, ата-баба мұрасын ардақтап өтетініне сенім мол.
Айта кету керек, тәрбиелік мәні зор шараны ұйымдастыруға бастамашы болғандардың бірі – Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейі. Күй тыңдап өсіп, жыр оқып, ұлттық салт-дәстүрге құрмет қылар ұрпақ аман болсын!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *