Skip to content

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ӨТКЕН КЕЗДЕСУ 2025 жылдың 17 қаңтар күні…

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ӨТКЕН КЕЗДЕСУ

2025 жылдың 17 қаңтар күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде оқушылардың құқықтық білімдерін арттыру, нашақорлықтың алдын-алу мақсатында Астана қаласы Ішкі істер басқармасының есірткіге қарсы іс-қимыл бөлімінің маманы полиция подполковнигі Алмасхан Дарханұлы және Көктал алабындағы учаскелік полиция инспекторы Бимжанов Даурен Талғатұлымен кездесу болып өтті. Кездесуде оқушыларға жасөспірімдер арасындағы орын алатын қылмыс түрлері айтылып сақтық шаралары таныстырылды. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс жасау бүгінгі қоғамның күн тәртібінен түспейтін түйткілді мәселе екендігі туралы түсінік беріліп,
жасөспірімдер арасында оңай табыс табуды ұсынып есірткі саудасын жүргізу сияқты қылмыс түрлері талқыланды. Жиналыста алаяқтар құрбаны болған жасөспірімдердің бейнероликтері көрсетіліп түрлі қателіктерге жол бермеу керектігін ескертілді. Сондай-ақ түнгі уақытта жүрмеу, сабақты себепсіз босатпау, бейтаныс бөгде адамдармен байланыста жасамау, буллинг, әлеуметтік желіде аса сақ болу сияқты мәселелер де айтылды. Кездесу соңында учаскелік инспектор оқушылар арасындағы электронды темекі, тик-ток желісіндегі өмірге қауіпті жазбалар, әлеуметтік зиянды ойындар туралы да ақпарат беріп барша оқушыларды сақ болуға шақырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *