Skip to content

ҚҰҚЫҚТЫҚ АҚПАРАТ БЕРІЛДІ 2025 жылдың 9 қыркүйек күні Әлкей Марғұлан…

ҚҰҚЫҚТЫҚ АҚПАРАТ БЕРІЛДІ

2025 жылдың 9 қыркүйек күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде оқушылардың құқықтық білімдерін арттыру және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен буллингті алдын-алу мақсатында ақпараттық дәріс сабағы өткізілді. Дәріс сабаққа Ұлттық қауіпсіздік қызметкері Е.Елемесов, Прокуратура қызметкері Н.Жарқынбек, Сарыарқа ауданы әкімінің әлеуметтік бөлім басшысы А.Сауановна, джиу-джитсудан Азия чемпионы Н.Батырбеков және психологиялық қолдау орталығы маманы А. Ерденқызы келіп қатысты. Кездесуде қонақтарымыз оқушыларға қазіргі қоғамда жасөспірімдер арасында орын алып жатқан қылмыс түрлері жайында айтылып, сақтық шаралары таныстырылды. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс жасау бүгінгі қоғамның күн тәртібінен түспейтін түйткілді мәселе екендігі туралы түсінік берілді. Сондай-ақ түнгі уақытта жүрмеу, сабақты себепсіз босатпау, бейтаныс, бөгде адамдармен байланыста болмау керектігі, буллинг, әлеуметтік желіде аса сақ болу мәселелері айтылды. Оқушылар арасындағы электронды темекі, тик-ток желісіндегі өмірге қауіпті жазбалар, әлеуметтік зиянды ойындар туралы да ақпарат беріп сақ болуға шақырды. Кездесу соңын психологиялық қолдау орталығы маманы А. Ерденқызының ұйымдастыруымен өткен психологиялық сергіту сәтімен аяқталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *