ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІС
Бүгін, 2025 жылдың 22 қазан күні Астана каласы Ішкі істер басқармасының полиция департаменті патрульдік полиция полкі, рота командирінің орынбасарлары полиция капитаны Муратов Ануар Айтпекович және полиция капитаны Муталхан Ауелхан Ибадуллаұлы мектебіміздің 9-11 сынып оқушыларымен «Заң және тәртіп» тақырыбында құқықтық дәріс сабағын жүргізді. Дәрісте жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың түрлері, бопсалау, буллинг, түнгі мезгілде көшеде жүрмеу, әлеуметтік желі арқылы ұсынылатын жұмыстарға алданбау, есірткі заттарының зияндылығы сынды мәселелер түсіндірілді. Оқушылар өз сұрақтарын қойып, полиция қызметкерлерімен пікір алмасты.



