Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, мектебіміз 2024-2025 оқу жылына әзір екенін хабарлаймыз. Мектебіміз – оқушылар үшін жайлы да қауіпсіз нысан. Үзіліс арасында балалардың дұрыс тамақтануына, әрдайым салауатты өмір салтын ұстануына, сабақ кезінде ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруіне, шығармашылықпен айналысуына, сапалы білім алуына барынша қолайлы жағдай жасалған.