Skip to content

Құрметті ата-аналар! 🌿 Соңғы уақытта оқушылардың сабаққа кешігу жағдайлары жиілеп…

Құрметті ата-аналар! 🌿

Соңғы уақытта оқушылардың сабаққа кешігу жағдайлары жиілеп келеді. Мәселен, өткен аптаның бір күнінде жиырмадан аса оқушының сабаққа уақытында келмегені тіркелді. Бұл – мектептің ішкі тәртіп ережесін бұзу болып саналады және баланың оқу үрдісіне де кері әсерін тигізеді.

⏰ Сабаққа уақытында келу — баланың жауапкершілігі мен тәртібін қалыптастыратын ең МАҢЫЗДЫ әдеттердің бірі.
Ал бұл ӘДЕТТІҢ дұрыс қалыптасуы, ең алдымен, ОТБАСЫНЫҢ қолдауына тікелей байланысты.
Сол себепті, құрметті АТА-АНАЛАР, балаларыңыздың КҮНДЕЛІКТІ мектепке УАҚЫТЫНДА келуіне жағдай жасап, қажет болған жерде бақылап, бағыттап отырсаңыздар, үлкен еңбек болмақ. Бала – сіз бен біз үшін ең қымбат.
Баланың уақытында келуі – оның өмірлік дағдысының қалыптасуына жасалған ең үлкен қадам.

Ынтымақтастықтарыңыз бен түсіністіктеріңізге зор алғыс білдіреміз!
Құрметпен мектеп әкімшілігі🤝✨

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *