КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ
2025 жылдың 17 қаңтар күні мектепішілік парламент оқушыларының ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушыларына арналған қол күрес ойыны өтті. Оқушылар оң қол және сол қол дәрежесі бойнша сынға түсті. Тартысты да, қызықты өткен күштілер ойынының қорытындысы бойынша оң қол бойынша жүлделі III орын Нажимиден Битемір, ІІорын Зейнулла Дінмұхаммед, І орынды Ерназар Нұрбек иеленді, ал сол қол бойынша ІІІ орын Мақсұт Жантөре, ІІ орын Арынгазиев Бекжан, І орын Оспан Ерасылға бұйырды.
10-11 сыныптар арасында сынға түскен оқушылар бойынша жүлделі ІІІ орын Сансызбай Алдияр, ІІ орын Аюп Ануар, І орын Мұсақан Нұрәлі иеленді.