Қуыршақ Театры қуаныш сыйлаған күн
Бүгін мектепшілік «Балдәурен» лагері демалушылары үшін ерекше көңілді күн болды,себебі мектебімізге арнайы қойылымдарымен «Қуыршақ театры» келді. Театр ұжымы балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап «Қаңбақ шал» қойлымын ойнап берді. Қаңбақ шал – жас ұрпақты қарапайымдылыққа, ақыл мен адал еңбек етуге тәрбиелейтін кейіпкер. Ертегіде Қаңбақ шал қара күш иелері қара дәу мен қызыл дәуді айлакерлік күшпен жеңеді. Дәулерді даңғой, ақылсыз, құр кеуделер ретінде мысқылдайды. Ал, қарапайым Қаңбал шалдың мерейі үстем,әрқашанда адалдық,қарапайымдылық жеңімпаз екенін дәлелдей білді. Қызықта, рухани тәрбиеге бай қойылым лагерь демалушыларының көңілдерінен шығып қуанышқа кенелді. Сонымен қатар театр ұжымы балаларға қызықты ойындар ұйымдастырып, би билеп тамаша әсер қалдырды.
#летовдопобразовании2023, #жаз_қосымшабілімберу2023, #Zhazqosymshabilim2023