"КҮЗГІ ДЕМАЛЫС ҚЫЗЫҚТАРЫ" футзал турнирі
Бүгін 2024 жылдың 28 қазан күні мектебімізде оқушылардың күзгі демалысын қызықты ұйымдастыру мақсатында 7 сынып оқушылары арасында "Күзгі демалыс қызықтары" атты футзал турнирі өтті. Аталған турнирге мектебіміздің 7 сыныптарынан 5 команда қатысты. Тартысқа толы ойын нәтижесінде І орынды "Барыс" командасы 7 "д" сыныбы, ІІ орынды "Аманат" 7 "е" сыныбы командасы, ІІІ орынды "Арландар" 7 "г" сыныбы командасы жеңіп алды. Турнирде үздік деп танылған оқушыларымыз "Үздік ойыншы", "Үздік қорғаушы", "Үздік қақпашы" сияқты номинациялармен марапатталды.