KUZGI FEST
2024жылдың 15-қараша күні Әлкей Марғұлан атындағы #40 мектеп-лицейінде мектеп парламентінің ұйымдастыруымен 5-7 сыныптар арасында “Kuzgy Fest” байқауы өтті. Оқушылардың өнері мен сахна мәдениетін шыңдауды мақсат еткен байқау “Таныстыру”, “Өнер көрсету”, “Вальс биін билеу” кезеңдерінен болды. Байқау нәтижесі бойынша Бас жүлдені 7 “В” сынып оқушвларв Сембай Әлихан, Бигельді Нұрай, І орынды 6 “Г” сынып оқушылары Рүстемов Ернар, Шукутбаева Жанбота, ІІ орынды 7 “А” сынып оқушылары Арыстан Нұрай, Русланұлы Нұрмұхамед жеңіп алды. Байқауға қатысқан қалған сыныптар түрлі номинацияларға ие болды.