Skip to content

ҚЫРАҒЫНЫҢ ӨЗІ ДЕ, КӨЗІ ДЕ БАТЫР Батырлық – табиғаттың сыйы…

ҚЫРАҒЫНЫҢ ӨЗІ ДЕ, КӨЗІ ДЕ БАТЫР

Батырлық – табиғаттың сыйы емес, бұл патриоттық борышыңды орындау, саналы болу. Жас ұрпақ өзінің азаматтық асыл қасиеттерін ашып көрсете білуі керек деп Бауыржан Момышұлы айтқандай бүгін, 2021 жылдың 23 желтоқсан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде ер жүрек бабамыз Бауыржан Момышұлының – 111 жылдық мерейтойына орай, "Мылтықпен нысананы дәлдеп көздеу" жарысы болып өтті. Аталған жарысқа 10-11 сынып оқушылары қатысып бақ сынасты. Нәтижесінде жүлделі ІІІ орынды 11 «Ә» сыныбы, ІІ орынды 10 «А» сыныбы, жүлделі І орынды 10 «Ә» сыныбы иеленді. Бауыржан Момышұлының ерлік жолын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жарыста оқушыларымыз өздерінің мергендіктерін көрсете білді. Халқының мақтанышына айналған қайсар да, шыншыл, батыр Бауыржан Момышұлының ерлік істері ұрпаққа үлгі. Жарыс ұйымдастырушысы: АӘД пәні мұғалімі Татенова Рыскүл Мелсқызы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *