ҚЫРАН ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАН
Бүгін 2022 жылдың 21 қазан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде республика күніне орай «Қыран елім – Қазақстан» атты мәнерлеп оқу сайысы болып өтті. Мәнерлеп оқу сайысына 5-6 сынып оқушылары қатысты. Сайыскерлеріміздің мәнерлеп жатқа оқу шеберлігі, таңдаған шығармасының тақырыпқа сәйкестігі, мазмұны мен көлемі сайыс барысында ескертілді. Оқушылар Қазақстан, отан, туған жер, республика тақырыптарында өлең шумақтарын оқыды.
Мәнерлеп оқу сайысының қорытындысы бойынша жүлделі І орынды 6 «З» сынып оқушысы Араш Ділдә, ІІ орынды 6 «З» сынып оқушысы Закирова Саянұр, ІІІ орынды 5 «В» Жаңабекұлы Хангелді және 6 «А» сынып оқушысы Кусайнова Гүлназ иеленді.