Skip to content

ҚЫСҚЫ ДЕМАЛЫСТЫҢ ҚЫЗЫҚТЫ КҮНІ Мектебімізде оқушылардың қысқы демалысын қызықты ұйымдастыру…

ҚЫСҚЫ ДЕМАЛЫСТЫҢ ҚЫЗЫҚТЫ КҮНІ

Мектебімізде оқушылардың қысқы демалысын қызықты ұйымдастыру жоспарға сай өтуде,осындай қызықты шараның бірі бүгін 7 сынып оқушылары арасында өткен шағын футбол турнирі. Аталған турнирге мектебіміздің 7 сыныптарынан барлығы 9 команда қатысқан болатын. Жігерлікпен,шапшаңдықты талап ететін спорт түрінде барлық командаларда белсене қатысты.
Турнир нәтижесі бойынша 🥉жүлделі ІІІ орынды 7 «Е» сыныбының «Астана» командасы,
🥈ІІ орынды 7 «Ж» сыныбының «ФК 7Ж» командасы иеленді,
ал турнирдің 🏆🥇жүлделі І орынын 7 «Д» сыныбының
“Намыс” командасы жеңіп алды. Сондай-ақ шеберліктерімен көзге түскен оқушылар жекелей номинациялармен марапатталды. Тартысқа толы турнир оқушыларға қызықты да қуанышты әсер қалдырды.
#футбол⚽️

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *