Skip to content

«ҚЫЗ ҚЫЛЫҒЫМЕН СҮЙКІМДІ» АТТЫ ҚЫЗ БАЛАЛАР МЕН АНАЛАР АРАСЫНДА БІРЛЕСКЕН…

«ҚЫЗ ҚЫЛЫҒЫМЕН СҮЙКІМДІ» АТТЫ ҚЫЗ БАЛАЛАР МЕН АНАЛАР АРАСЫНДА БІРЛЕСКЕН ЖИНАЛЫС

2025 жылдың 13-15 ақпан аралығындағы Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы жұмысы аясында Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің қыз балалары мен ата-аналары арасында Workshop форматында «Қыз қылығымен сүйкімді» атты жиналысы 14 ақпан күні болып өтті.
Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік көріктілік ептілік ,инабаттылық, кішіпейілділік , сұлулық т.б жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білуді мақсат еткен шебер сынып жиналысында ата-аналарымыз қыз балаларға «Қыздарға қажетті 5 кеңес», Мұңаймаңыз, Қарапайым болыңыз, Білімге ұмтылыңыз, Жақсы достар, Еңбекқор болыңыз деген ақыл-кеңестерін айтып өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтай кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес, мектептерде сәтті жүзеге асып жатқан «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында отбасы институтын нығайту, жанұядағы ата-ананың рөлін арттыруға бағытталған жиналыста аналарымыз қарапайымдылық – қыздың ең жақсы қасиеті. Жан-дүниеңіз де, сыртқы келбетіңіз де қарaпайым болсын, үнемі білімге құштар болыңыз. Білім – сіздің өрісіңізді кеңейтіп, ақыл парасатыңызды арттырады. Сізді теріс істерге итермелеп, жаман жолға апаратын достардан аулақ болыңыз, Жалқаулық – адамның жауы. Жетістікке тек адал төгілген маңдай тер мен еңбектің арқасында жетеді. Қандай істе болсын, табандылық танытыңыз. Әрбір нәрседен тек жақсы жағын алып, жаман жағы сізге сабақ болсын. Бұл нәрсе мені өсіре ме, өшіре ме, қайтсем айналама пайдам тиер екен? деген сауал көкейіңізде жүрсін деген өмірлік кеңестерін берді. Сондай-ақ 8 «Г»сыныбвның анасы Динара ханым қолдан жасайтын бұйымдарын көрсетіп қыз балаларды өзінің шебер сынып сабақтарына шақырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *