ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ
2022 жылдың 1 желтоқсан күні, Әлкей Марғұлан атындағы #40 мектеп-лицейінде 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығындағы "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік" аясындағы жоспарға сәйкес, Астана қаласы Полиция департаментінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің аға инспекторы Шрахметова Гүлмира Тілеуғалиқызымен кездесу болып өтті. Тағылымды басқосуға 9-10-сынып оқушыларының қыз балалары қатысты. Кездесуде нәзік жанды оқушыларымыз заң аясындағы сұрақтарға жауап алып, құқықтық сауатын арттырды.