"ЛАБИРИНТ" БАҒДАРЛАУ ЖАРЫСЫ  Бүгін 2019 жылдың 5 қаңтар күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде оқушылардың қысқы демалысын қызықты өткізу мақсатында жасақталған жоспарға сәйкес "Жас эколог" үйірме  оқушылары және  5-7 сынып оқушылары арасында "Лабиринт" зияткерлік бағдарлау жарысы өтті.
Аталған жарыс ережесіне сай оқушылар лабиринт арқылы жасырылған кп-ларды тауып берілген  сұрақтарға жауап берді. Жарыс қорытындысы бойынша қыздар арасында жүлделі ІІІ орын А.Қырықбаева, ІІ орын  Ә. Сұлтан, І орынды Б. Советова иеленсе, ал ұлдар арасында жүлделі ІІІ орын Е. Рахымжан, ІІ орын А.Даужан, І орынды Е. Талғатбек иеленді.
Жарыс жеңімпаздарын лицей директоры Ж. Базыл және директордың  тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
Ж. Найманбаева марапаттап оқушыларды жеңістерімен құттықтады.










