МӘДЕНИ СЕРУЕН
🔶2022 жылдың 29 қыркүйек күні мектебіміздің «Экопатруль» экологиялық тобы Ұлағатты ұрпақ жобасы аясында Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің мұражайына саяхат жасады.
🔶 Топ мүшелері мұражайда Президенттің жұмыс бөлмесін көріп, жоғары дәрежедегі кездесулер өткен залдар мен әр түрлі наградалар мен сыйлықтарын тамашалай алды. Мұражай қызметкері Елбасы Музейі — Қазақстанның жаңа тарихының музейі екендігін және әлі күнге дейін Елбасы жылына бір-екі рет жиналыс өткізіп тұратынын айтып жеткізді.
🔶Сондай-ақ «Әлем таныған көшбасшы» фотогалереясында Н. Назарбаевтың өзге елдердің көшбасшыларымен түскен суреттерін көрсетті. Музей саяхаттау барысында мұражай қызметкері әр оқушыға ыңғаймен қарап, оларға квест ойынын ойнатты.
#балаларжылы#годдетей