МАҚТАНЫШЫ ЕЛІМНІҢ – ӘНҰРАН
Мақтанышы елімнің – әнұран, бір өзіңнен бар қазақ қуат алған! Егеменді елді төрткүл дүниеге танытқан Республика күні қарсаңында Әлкей Марғұлан атындағы #40 мектебі ҚР Мемлекеттік әнұранын тұтас ұжым болып орындады. Кеудені мақтаныш кернеген, жүрегі жырға толған ардақты ұстаздар тамсана да мақтана, шаттана да қуана шырқаған бастамаға зер салыңыз! Жаңа Қазақстан келешекке қадам басты!