Макулатура жинау акциясы!
Бүгін мектебіміздің Ecoteam және Ecopatrol тобы оқушылары экологиялық макулатура жинау акциясын бастады. Акцияда оқушылар әр сыныпты аралап топ басшыларына акция ережесін түсіндірді,сондай-ақ үлкен үзілісті ұтымды пайдаланып арнайы жаднама парақшаларын таратты. Топ оқушылары қағаз қалдықтарын шашпай оларға екінші өмір сыйлаудың маңыздылығын айтып,табиғатымызды,қоршаған ортамызды,мектебімізді таза ұстауға шақырды! Акция 25 қыркүйек пен 25 Қазан айлары аралығында 5-10 сынып оқушылары арасында жүргізіледі. Жеңімпаз сыныптар арнайы EcoSTAR салтанатты шарасында марапатталады!