Skip to content

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – ӨМІРІҢІЗДІҢ БІР КІРПІШІН ДҰРЫС ҚАЛАУ Бүгін 2022…

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – ӨМІРІҢІЗДІҢ БІР КІРПІШІН ДҰРЫС ҚАЛАУ

Бүгін 2022 жылдың 13 сәуір күні қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесу мақсатында Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінің 9 – сынып оқушылары үшін колледж өкілдерімен кездесу болып өтті. Кездесуге Нұр-Сұлтан қаласының Г.Сейтқасымов атындағы индустриалды-экономикалық колледжі, Гуманитарлық колледжі, Қазақ технология және бизнес колледжі, Менеджмент және бизнес колледжі, техникалық колледжі, технологиялық колледжі, тұран колледжі, клил колледжі, астана-профи колледжі өкілдері келіп, өз колледждерінің мамандықтарымен таныстырып өтті. Адам өз өміріне екі нәрсенің бірі мамандық таңдауда қателеспеуі керектігін Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай, болашақ мамандығымызды бағдарлауда қателеспейік.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *