МАРҒҰЛАН МЕКТЕБІНДЕ – «АЛҚА» КЛУБЫНЫҢ ӘДЕБИ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
2025 жылдығ 28 қараша күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде ерекше рухани шара өтті. Мектепке «Алқа» әдеби-мәдени клубының өкілдері келіп, 8–9-сынып оқушыларымен Төлен Әбдіктің «Қонақтар» әңгімесін терең талқылады. Оқушылар үш топқа бөлініп, шығарманың идеясы мен көтерген құндылықтарын қазіргі қоғаммен байланыстыра отырып, өз көзқарастарын еркін жеткізді. Әңгіме тақырыптары оқушылардың ойлау дағдысын дамытып, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыра түсті.
Клуб мүшелері мектеп ішіндегі Марғұлан музейін де аралап, ондағы тарихи жәдігерлермен танысты. Бұл кездесу жас оқырмандарға шабыт сыйлап, әдебиет әлеміне жаңа қадам жасауға мүмкіндік берді.
#алқа
#оқырмандарклубы
#оқырманоқушы




