МАРҒҰЛАН МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫ КАРЛАГ МҰРАЖАЙЫНДА
Бүгін 2023 жылдың 02 қараша күні Əлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицей оқушылары күзгі демалыс уақыттарын бос өткізбей, Қарағанды облысындағы Карлаг тарихи музейіне арнайы сапар жасап, сонау бір зұлматты жылдардың қасіретін көріп келген болатын. Қасіретті Карлаг жеріне 8 сынып оқушыларынан 45 оқушы мен 5 мұғалім гаи бақылауымен сапар шекті.
Карлаг – жазықсыз жаланың құрбаны болып, азапты жылдарды бастан өткерген тарихтағы ең бір ауыр кезең өшпес із қалдырған орын. Оқушылар "Карлаг" қасіретін еске алып, тарих бетіне көз жүгіртті.