Skip to content

📣”Марғұлан” журналы қайта жарық көрді📣 ✍️Жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп…

📣"Марғұлан" журналы қайта жарық көрді📣

✍️Жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп өмірін, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, насихаттау мақсатында "Марғұлан" журналы қайта шыға бастады.

✍️Журналдан мектебімізде өтіп жатқан іс-шаралар, ардагер ұстаздармен сұхбат, оқушыларымыздың жеткістіктері мен музей жұмысы туралы оқи аласыздар. Журнал "Талабыңа нұр жаусын", "Ойлан тап", "Алғыс деген – ел сыйы" секілді айдарлармен толыға түсті.

🧐Ұлы ғұлама Әбу-Насыр Әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орай журналымызда оқушыларға арналған "Ойлан тап" айдарымен логикалық сұрақтар жарияланып отырады. Сұрақтардың жауаптарын төменге пікір жазу (комментарий) арқылы қалдыра аласыздар.

📩Жас өрен, егер спортта, өнерде, ғылымда жеткен жетістіктерің болса, бізбен бөлісуді ұмытпа!
Біз міндетті түрде журналда жариялап отырамыз👏

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *