Skip to content

МӘШҺҮР ЖҮСІП ОҚУЛАРЫ Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар…

МӘШҺҮР ЖҮСІП ОҚУЛАРЫ

Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылы 28 қыркүйекте №57 орта мектепте жалпы орта білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауының қалалық кезеңі өтті.
Байқау төрт бағыт бойынша өткізілді:
І. «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» – ақындар мүшәйрасы;
ІІ. «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» ғылыми зерттеу жобасын қорғау;
ІІІ. «Білімді зерек адам болам»-десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» эссе жазу; VI. «Мәшһүр Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» ұлттың ұлы тұлғаларын
сипаттау.
Аталған байқауға мектебіміздің 10-сынып оқушысы Джанатова Амина мен 9 “Ж” сынып оқушысы Абдужалил Асылай қатысты. Нәтижесінде
«Мәшһүр Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» номинациясы бойынша Абдужалил Асылай 3-орын иеленді. Жетекшісі: Тасбулатова Айнагүл Төлегенқызы. Құттықтаймыз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *