Skip to content

МАТЕМАТИКА АПТАЛЫҒЫ 2024 жылдың 05 – 09 ақпан күндері аралығында…

МАТЕМАТИКА АПТАЛЫҒЫ

2024 жылдың 05 – 09 ақпан күндері аралығында Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде математика пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастырылуымен «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан оны оқу керек» тақырыбындағы апталық аясында 9-11 сынып оқушыларымен «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің» ғалымдарымен кездесу өтті. Кездесуге Мухияева Динара Мұхтаржанқызы PhD, менеджмент кафедрасының меңгерушісі, Тәжібаева Жұмагүл Орашқызы, менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Декан Қозыбаев Данияр Хайбілдәұлы, PhD, механика-математика факультетінің деканы Қоқаев Өміржан Шералыұлы, техника ғылымдарының кандидаты, көлік-энергетика факультетінің деканы келіп оқушылармен ой бөлісті. Кездесуде оқушыларға болашақ таңдайтын мамандықтары туралы бағыт-бағдар беріп соның ішінде механика-қолданбалы математика білім беру бағдарламасы бойынша мамандардың қажеттілігі жайлы айтылды. Кафедра мүшелері математикалық бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене қатысуға шақырды.
Кездесу барысында оқушылар толғандырып жүрген өз сұрақтарына жауап алды. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде. Сондай-ақ кездесу барысында ұстаздар мен оқушылар бірлесіп, «Екі жұлдыз» байқауын өткізіп, бақтарын сынады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *