МАТЕМАТИКА АПТАЛЫҒЫ
2025 жылдың 10-15 ақпан аралығында Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде«Математика- ғылымдар патшасы» апталығы өткізілді. Апталық мақсаты: математика арқылы оқушылардың таным көкжиегін кеңейту, оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамыту болды. Апталық аясында ашық сабақтар сонымен қоса «Логикаңды қос», «Математикалық квестке қатыс»!, «Математикалық регата», «Жас математиктер сайысы» атты сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. Апта бойы пайдалы үзіліс жобасы аясында күнделікті жылдамдық пен шапшаңдықты талап ететін қызықты ойындар мен логикалық тапсырмалар ұйымдастырылып өткізілді. Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарды дәріптеуде мақал-мәтел сайысы, асық ойыны, арқан тарту ойындары ұйымдастырылып өткізілді. Апталық аясында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Механика кафедрасының профессорлары Қишауов Қали Сағымбекович, Байдаулет Амангелді,
Физика-математикалық кафедрасының кандидаты Сүлейменов Кенесары Машимович, Криптология кафедрасының аға оқытушысы Тілеулесова Ағила Балтабайқызы қатысқан оқытушылармен өткен тағылымды кездесумен қорытындыланды.