Skip to content

МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС Бүгін, 2025 жылдың 24 мамыр күні…

МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС

Бүгін, 2025 жылдың 24 мамыр күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушыларына арналған «Мектебім, саған мың алғыс» атты салтанатты жиыны болып өтті. Салтанатты жиын «Самұрық» би ансамблінің мың бұралған бишілерінің қазақ биімен басталды. Салтанатты жиынның қадірлі қонағы болып, мектеп оқулықтарына шығармалары енген балалар ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісінің бірінші шақырылымының депутаты, Көші-қон Заңының авторы, республикалық Әкелер Одағы Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Әкім Ысқақ қатысты. Мәртебелі мейман биылғы 2024-2025 оқу жылында білімімен, өнерімен, спорттағы жетістігімен ерекше көзге түскен оқушыларға мектептегі 19 жылдан бері дәстүрге айналған «Марғұлан» сыйлығының 1-4 сыныптар арасында «Үздік оқушы» номинациясын 4 «Б» сынып оқушысы Арғынбай Нұрсұлтан, «Жас ізденімпаз» номинациясын 2 «Б» сынып оқушысы Талғат Зере, «Жас өнерпаз» номинациясын 4 «Ә» сынып оқушысы Бельгибаева Мариям, 5-8  сыныптар арасында «Үздік оқушы» номинациясын 8 «Ә» сынып оқушысы Мұхаметәлі Қалжан, «Өнерпаздар мен өнертапқыштар» номинациясын 8 «Б» сынып оқушысы Азатқали Мансұр, «Жас оқырман» номинациясын 6 «Ә» сынып оқушысы Сағидолла Гауһар,  «Жыл спортшысы» номинациясын 7 «Е» сынып оқушысы Байзақ Мадина, 9-11 сыныптар арасында «Үздік оқушы» номинациясын 10 «А» сынып оқушысы Нұрке Ислам, «Зерделі оқушы» номинациясын 11 «Ә» сынып оқушысы Зияден Гүлсезім, «Парасатты, мәдениетті оқушы» номинациясын 11 «Б» сынып оқушысы Марат Жанетта, «Өнерпаздар мен өнертапқыштар» номинациясын 11 «Б» сынып оқушысы Рамазан Әліби, «Жыл спортшысы» номинациясын 9 «А» сынып оқушысы Токишев Диас, «Жас оқырман» номинациясын 9 «Ж» сынып оқушысы Абдужалил Асылайларға мектептің арнайы әзірлеген сертификат пен сыйлығын салтанатты түрде табыс етті. Ал 2025 жылғы «Әлкей Марғұлан» атындағы сыйлықтың «Сегіз қырлы, бір
сырлы» аталымы бойынша бас жүлде математикадан аудандық, қалалық пән олимпиадасының жеңімпазы, республикалық «Алтын тұғыр» олимпиадасының ІІІ орын иегері, білім үздігі, «Алтын белгі» иегері Егізбай Ұлан иеленді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *