Мектебіміздің ауласына осыдан бір ай бұрын егілген көкеністеріміз өз жемісін беріп,гүлдеріміз мектеп ауласына сән беріп,арнайы отырғызылған алма,шие ағаштарымыз бой көтеріп келеді. Болашақта мектеп ауласы мәуелі орманға айналып шәкірттерімізге саясын төгіп, әсем гүлдеріміз әдемі көңіл -күй сыйлайды деген үміттеміз! Таза табиғат,таза ауа сізбен,біздің табиғатқа деген қамқорлығымыздан бастау алады!
