Skip to content

МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ – БІР МАҚСАТ, ОРТАҚ ТӘРБИЕ Бүгін, 2025…

МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ – БІР МАҚСАТ, ОРТАҚ ТӘРБИЕ

Бүгін, 2025 жылдың 18 қыркүйек күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде «Мектеп пен отбасы – бір мақсат, ортақ тәрбие» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыстың басты мақсаты – бала тәрбиесінде ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты арттыру, ортақ құндылықтарды қалыптастыру болды. Жиналысқа арнайы қонақ ретінде психолог, Ырыскелді қажы мешітінің имамы Нұрлан Байжігітұлы ата-аналарға отбасы тәрбиесіндегі жауапкершілік, имандылық пен адамгершілік құндылықтары жайлы тағылымды ойларымен бөліссе, қалалық Әкелер кеңесінің төрағасы Бекдайыр Нығметұлы отбасындағы әкенің рөлі туралы әңгіме қозғады. Аталған жиналыс ата-аналарға өзекті мәселелерді талқылап, бала болашағы үшін ортақ шешім қабылдауға мүмкіндік берді.
🤝 Мектеп пен отбасының ынтымағы – ұрпақ тәрбиесіндегі ең басты кепіл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *