Skip to content

МЕКТЕПІШІЛІК ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ 2022 жылдың 23 қыркүйек күні, Әлкей…

МЕКТЕПІШІЛІК ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

2022 жылдың 23 қыркүйек күні, Әлкей Марғұлан атындағы #40 мектеп-лицейінде жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

🔶Жиналысты ашқан мектеп директоры Жанкелді Сағынтайұлы өз сөзінде биылғы оқу жылына білім ордасы дайын екенін айтып, балалар оқу барысында сапалы білім алу үшін оқулықтармен толық қамтамасыз етілгенін жеткізді. Бұған қоса, жиналыс соңында ата-аналар қойған бірқатар сұраққа жауап берді.

🔶Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Тлеулесова Жұмагүл Балташқызы 2022-2023 оқу жылындағы оқу үдерісінің ұйымдастырылуы туралы толыққанды ақпарат беріп өтті. Өз сөзінде орынбасар биылғы оқу жүктемесіне, мектеп бойынша оқушы санына, былтырғы білім сапасының нәтижесіне, лицей сыныптарының компоненттеріне тоқталып, қатысушыларды хабардар етті.

🔶Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша әлеуметтік педагог Амангүл Көпберген "Мектепке жол" акциясының есебін баяндады.

🔶Үшінші мәселе бойынша мектеп психологы Лариса Мыңбаева "Мектеп пен ата-ана серіктестігіндегі оқушыға психологиялық қолдау" тақырыбында бірнеше кеңес бере отырып, арнайы әзірленген жаднама парақшаларын таратты.

🔶Кезектегі үшінші мәселе бойынша директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Найманбаева Жұлдыз Балғабайқызы 2022-2023 оқу жылындағы тәрбие бағыты бойынша іске асатын іс-шаралар легіне, негізгі бағыттарына тоқталып, бірқатар ұсынысын жеткізді.

🔶Сондай-ақ басқосуға "Көктал" елді мекенінің инспекторлары қатысты. Олар құқықтық тәрбие, "Bala pay" жобасының өкілі қатысып, жоба жайында көпшілікті құлағдар етті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *