2025 жылдың 14 қараша күні, Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде «Мектепте үйретілмейтін, бірақ әр балаға қажет нәрселер» тақырыбында өткен жиналыста 5 «Ж» сыныбының ата-аналары бас қосты. Жиналыстың бірінші мәселе – ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты кейбір ата-аналардың бір-бірімен келіспеушілігі болды. Бұл мәселе арнайы әзірленген қойылым арқылы кейс түрінде ұсынылды.
– Ата-ана ретінде ұсынылған ситуацияны қалай шешер едіңіз?
– Мәселені конструктивті шешу үшін қандай қадам жасар едіңіз?
– Ата-ана рөлінде өз эмоцияңызды бақылап, ойыңызды сыпайы жеткізу үшін не істер едіңіз? – деген сияқты сұрақтар төңірегінде ата-аналар өз пікірлерін білдіріп, ой бөлісті.
Баланың алдында дау-талас немесе келіспеушілік көрсету – дұрыс үлгі емес. Сабырмен сөйлесу, бір-бірін тыңдау және ортақ шешім табуға тырысу – тәрбиенің негізгі кілті. Өзара түсіністік пен сыйластық балаларға дұрыс бағыт көрсетеді деген ата-аналар бұл тәжірибеден сабақ алып, балаларға жылы жүрекпен, сабыр мен құрметпен бағыт берудің маңызын түсінді.





