МЕН ЕЛІМНІҢ ПАТРИОТЫМЫН
2025 жылдың 29 сәуір күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу мақсатында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 7-рота командирі, М.Тынышбаев атындағы Астана ALT көлік колледжінің АӘД пәні ұйымдастырушысы Байбосынов Нұржан Сейітханұлы және Айбын» орденінің иегері, 7- рота, 3-взвод командирі болған, қазіргі уақытта зейнеткер Сатбаев Қайратбек Аманжолұлымен кездесу болып өтті. Кездесуге мектебіміздің 10-сынып оқушылары қатысты. Кездесуге келген қонақтарымыз әр адам өз елінің патриоты болуға міндетті. Патриот – бұл өз елін сүйетін, елінің ұлтын, тілін, тарихын, ежелден келе жатқан ата-баба салт-дәстүрлерін, дінін, ділін құрметтеп, өз елі үшін қызмет ететін тұлға деп айтып өтті. Сондықтан, әрбір қазақпын деген азамат, өз елінің патриоты болуға тиіс деді. Сондай-ақ патриотизм ең алдымен адамның отбасына деген сүйіспеншілігінен басталатын айтып өтті.