“Мен қандай маман болғым келеді?” тақырыбында тренинг өтті.
2025 жылдың 19 қыркүйек күні мектебімізде 11-сынып оқушыларына арналған «Мен қандай маман болғым келеді?» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты – оқушылардың өз қызығушылықтары мен қабілеттерін ескере отырып, болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру.
Тренинг сұхбат форматында ұйымдастырылды. Оқушылар жұптасып, бір-біріне сұрақтар қойып, болашақта қандай маман иесі болғысы келетіндерін, не себепті дәл сол мамандықты таңдағандарын айтып бөлісті. Бұл әдіс оқушылардың өз ойларын ашық айтуға, пікір алмасуға және бір-бірін тыңдауға мүмкіндік берді.
Сұхбаттан кейін әр оқушы өз армандаған мамандығы туралы ой бөлісіп, түрлі кәсіби салаларға деген қызығушылықтарын білдірді. Тренинг барысында оқушылар өз болашағына тереңірек үңіліп, жеке қасиеттері мен бейімділіктеріне мән беруге үйренді.







