МЕН ТАҢДАҒАН КІТАП
19 наурыз күні мектебімізде “8 минуттық оқу жобасы” негізінде “Мен таңдаған кітап” атты оқу конференциясы өтті. 8-9-10-сынып оқушыларынан жиналған 11 оқырман өздері оқып, ерекше ой салған кітаптарымен қатарластарының алдында ой бөлісті. Шағын презентация әзірлеп, автор туралы, кітап жайлы, кейіпкерлері мен ең әсерлі тұстарын айтып, басқа оқушыларға да кітап оқуға әсер етіп, ой салды. Конференциядағы кітаптар жанрларымен ерекшеленді. Оқушылар таңдаған көркем әдебиет, мотивациялық кітаптар тыңдармандар үшін қызықты болды. Конференцияға қатысқан әр оқырманға кітап пен тәттілер сыйлыққа берілді.
#8минуттықоқу