МЕНІҢ ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАНЫМ
🇰🇿 25 қазан – Республика күніне орай 3-сыныптар арасында «Менің елім – Қазақстаным» атты сурет салу және макет жасау көрме байқауы өтті. Бұл шараның негізгі мақсаты – оқушыларға тәуелсіздік ұғымын түсіндіру, оның тарихы мен маңызын ұғындыру, сондай-ақ еліміздің жеткен жетістіктерін таныстырып, қадірлей білуге тәрбиелеу болды. Байқау барысында оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетіп, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін макеттер мен сурет салу арқылы бейнелей білді.
Қатысушылардың барлығы I, II, III дәрежелі дипломдармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.
Жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыруға бағытталған бұл шара өз мақсатына жетті! 💙
